ITEACH NEWS


» » intel


intel

Қоғам  жаһандық ақпараттандыру жағдайындағы білім беру қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру жүйесіндегі ақпараттық коммуникативтік технологияны еңгізу тетіктері мен жолдарын іздестіру қазіргі білім беру саясатының басты бағыты болып табылады.         
Қазіргі заманғы мұғалім оқушыларды техникалық құрылғылар көмегімен білім алуға үйрету үшін дайын болу керек. Мұғалімдер ақпараттық – коммуникативтік технологияның артықшылығын оқушыларға көрсете және техникалық шешімдер мен білімдерді пайдалана отырып, пәннің мазмұнын түсіндіре білуі қажет.
2013 жылдың 23-24 тамыз күндері филиала «БАҰО «Өрлеу» филиалы Атырау облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе» курсын өткізетін тьюторлардың даярлық семинары өтті. Cеминарға Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысының өкілдері қатысты.
БАҰО «Өрлеу» филиалы Батыс Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бойынша тьютерлер:
1.    Абдрахманова А.Ж.
2.    Мурзабулатов М.Т
3.    Мусагалиев Б.К.
4.    Накишев А.Н.
5.    Өтеғұл Г.К.
Бағдарламаның негізгі Идеясы
-    Ақпараттық және жаңашыл педагогикалық технологияларды кешенді, тиімді пайдалану
-    21 ғасырдағы жеке тұлғаға қажетті білім, дағды, шеберліктерін дамыту мақсатында түйінді құзырлықтарды қалыптастыру
Курстың мақсаты, ең алдымен, пән-мұғаліміне ақпараттық-қатынастық технологиялар, жаңа педагогикалық технологиялар саласындағы дағдыларды біліп алып, игеруге көмек көрсетуден тұрады. Атап айтқанда, осы жаңа ақпараттық-педагогикалық технологиялар білім берудің қазіргі парадигмасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Курстың практикалық, жобалық сипатын анықтайтын, ақпараттық және педагогикалық технологияларды үйлестіретін жобалау әдісі, телеқатынастық жоба әдісі курсты оқытудың жетекші әдісі болып табылады.
1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін 428 тыңдаушы 18 қысқа мерзімді курста меморандумға сәйкесті «Intel» корпорациясының «Болашақ үшін оқыту» бағдарламасының кіріспе бөлімі бойынша дәріс алды.
Курстың соңында тыңдаушылар курсты ұйымдастыру мен оның тақырыптық мазмұндары бойынша пікірін бақылау, білімін анықтау, шығармашылық ізденіс жұмыстарының бағыты бойынша сауалнамалар, тест сұрақтары бойынша кіріс бақылау, жоба жұмысын қорғау, дөңгелек үстел формаларында жұмыстанды.
Әр тыңдаушыға көмекші құрал ретінде «Intel» дискісі берілді.
Курстан өткен педагогтердің АКТ-ны қолданудағы негізгі проблемалары
1.    Уақыттың жетіспеушілігі
2.    Тыңдаушылардың білгендерін іс-жүзінде қолданбауы
3.    Өздік білім жетілдірмеуі
4.    Техникалық мүмкіндіктердің бірегей болмауы
Курс кезінде кездескен мәселер
1.    Уақыттың тығыздығы
2.    Тыңдаушылардың әртүрлі деңгейде қабылдауы
3.    Кері байланыстың жоқтығы
4.    Нәтижеге бағытталған жобаның жоқтығы
Бұл жағынан біздің институтымызда көптеген шаралар өткізілуде. Біздің институттың 2014 жылға алып отырған әдістемелік оқыту тақырыбы оған дәлел «SMART Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері».
мақсаты: Біліктілікті арттыру жүйесінің қызметкерлері жуық уақытқа жоспарланған ақпараттық қоғамды және болашақта күтілетін смарт қоғамды елімізде орнықтыруда педагогикалық шеберліктерін тиімді жұмсауы.
Институтымызда қысқа мерзімді курсқа келген тыңдаушыларға АКТ бар мүмкінділігін пайдалануға жағдай жасалған. Әр қабатта Wi-Fi нүктелері бар барлық дәріс кабинеттері кең жолақты ғаламторға қосылған. Кітапханада «КАБИС» автоматты бағдарламасы орнатылған.
Zkoipk.kz сайтында деңгейлік оқыту курсының тыңдаушыларының қауымдастығы ұйымдастырылды.
2013 жылдың 24 сәуірде sabak.kz сайты zko ipk бөлмесінде «Е-learning және Smart-learning үдерістерін енгізу жағдайларында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» атты Оn-lіnе режиміндегі халықаралық семинар өткізілді.
Онлайн семинардың қатысушысы Сеул Кибер Университеті, Корея республикасының білім министрлігінің тәуелсіз эксперті, профессор Хан Тае Ин «E-Learning in Korea» е-learning жүйесін енгізу мәселесіне байланысты, өңіріміздегі осы салада жұмыс жасайтын мамандардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді.
Семинардың қонағы Кембридж  университеті, білім беру факультетінің тренер-кеңесшісі Джозеф Mайкл Дженго мырза «New Trends In World Education – E-learning and SMART learning» атты баяндамасын оқып, өз тәжірибесімен бөлісті.  
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары Е.Н.Сафуллин «E-Learning  және SMART- learning үдерістерін оқытуға енгізу» тақырыбындағы баяндамасын оқып, өз ойын ортаға салды.
Оңтүстік Корея АКТ даму индексі бойынша алдыңғы қатарлы ел болып саналады. Одан кейін Швеция. Қазақстан 56 орыннан 49 орынға көтерілді, ал көрші Ресей – 40 орыннан 38 тұрақтады.
Міне сондықтанда біздің АҚ "Өрлеудің” жұмыс тобы 13-26 қараша күндері Сеул қаласында тәжірибе алмасу іс-сапарына барып келді.

«Электрондық үкімет және электрондық қызметкер»
1 жылдық мерейтойға орай жоспарланған алғашқы шаралардың бірі – институт директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Е. Сафуллин филиал қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырды.
40 тыңдаушыға сертификат табысталып, нұсқаулықтар таратылды.

Каспийлік Жасыл Пакет аймақтық бағдарламасы бойынша 8 тамыз күні облыстық семинар өтті. Бұл бағдарламаға облысымыздың 10 мектебі қатысуда. Әр мектептен 2 оқытушы және институттың оқытушылары қатысты. Семинар аясында «Каспийлік Жасыл Пакет» әдістемелік қорабы әр қатысушыға берілді.
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ  ДИСК ҚҰРАМЫ:
•     Оқушыларға араналған мәтіндік материал;
•    «Мәселелер және дилеммалар» ойыны ;
•    Оқушыларға арналған тестілер;
•     Бейнесюжеттер;
•    Интерактивтік көрнекіліктер;
•     Фотолар.
«Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту (e-learning) жүйесінде оқытуды басқару» атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкесті облыс бойынша 44 мектептің пән мұғалімдеріне арналған 24 курста  480 тыңдаушы қамтылды. (2 қыркүйектен 22 қараша аралығында)
Тыңдаушылардың жалпы сараптамасын жасаған кезде 28% санатты жоқ, 27% екінші санатты, 32% бірінші санатты, 13% жоғары санатты  екені анықталды. Бұл сандар нені көрсетеді пән мұғалімдерінің курсқа тек жас мамандарды жіберуімен және әлі де болса АКТ қолдану арқылы өтетін курстарға пән мұғалімдерінің қызықпаушылығы. Ол не себепті кейін қалған жұмыстастарына түсіндіріп отыру жағынан жауапты боламыз деп ойлағаннан.
Осы бағытта жүргізген жұмыстардан шығарған қорытынды – оқушылардан бұрын пән мұғалімдерін қайта даярлау қажет. Және даярлауда жаңа заман технологиясы – интернет мүмкіншілігін қолдану арқылы қашықтан оқыту жүйесін кеңінен пайдаланғаны жөн.
- Онлайн мұғалім – шығармашыл маман болуы тиіс.
- Шығармашыл маман – өз уақытының қожайыны болуы тиіс.
Міне осыдан келіп АКТ құзыреттіліктің дамуы мен іске асуы кезеңдері көрінеді:
Даму
Білім алуға деген ынта мен қажеттіліктің, дағды мен біліктіліктің, техникалық бағдарламалық  құралдар және коммуникативтік интелектуалдық тәсілдердің, ақпаратпен жұмыстағы қабілеттің дамуы.
Іске асу
Оқытудың негізгі мақсаты жолындағы бірыңғай ақпараттық білімдік ортаға, білім беру үрдісінің әртүрлі субъектілері арасындағы интерактивтік диалогты іске асыру.
АКТ құзыреттілігін қалыптастыру жолдары:
1.    Оқытудағы АКТ құралдарын пайдалану саласындағы мұғалімдердің біліктілігін үздіксіз арттыру
2.    Мұғалімдердің  АКТ-ні пайдалану  қызметін ақпараттық - әдістемелік қолдау
3.    Мұғалімнің АКТ –ны пайдалану тәжірибесін жинақтап, өзгелерге бере білу қабілетін дамыту  
4.    Өз бетімен білімін көтеру үрдісіндегі АКТ құралдарын белсенді пайдалану бойынша ынталандыру жүйесін жасақтау
5.    Компьютерленген ортадағы жұмыс үшін қолайлы жағдай туғызу
Біліктілікті арттырудың негізгі үлгілері:
Курстар, семинарлар, семинарлар, сарамандық жұмыстар.

Алдағы уақытта институт қызметкерлеріне «Intel» корпорациясының «Болашақ үшін оқыту» бағдарламасының кіріспе бөлімі бойынша семинар өткізу жоспарланды.скачать dle 10.4фильмы бесплатно
Печать

ВХОД

БАННЕР

КАЛЕНДАРЬ

    «    Январь 2017    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     1
    2345678
    9101112131415
    16171819202122
    23242526272829
    3031