ITEACH NEWS


» » Білім саласын жаңа арнаға бастаған бағдарлама


Білім саласын жаңа арнаға бастаған бағдарлама

2012 жылдың 20-25 тамызында Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін артыру институтында XXI ғасырдың ақпараттық білім беру ортасындағы жобалау әрекеті курсы - институт оқытушылары үшін жаңашыл педагогикалық технологияларды кешенді және жүйелі түрде оқыту үдерісіне енгізіп қоймайды, сонымен бірге ақпараттық, коммуникация құралдарын тиімді пайдалануға, оны ашық білім беру кеңістігіне жариялауға мүмкіндік жасауға бағыт берген курс болғаны мәлім.
Курс барысында төмендегідей ұтымды, тиімді жұмыс бағыттарын айқындауға дағдылану әрекеттері қалыптасқанына көз жеткіздім.
- оқытушылардың бірлескен іс-әрекет, ықтымақтасу негізінде ой қозғап, ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік алғанын;
- оқытушылар осы курста алған теориялық білімдерін өз тәжірибесінде пайдалана отырып, тұжырым жасай білудің маңыздылығын сезінгенін;
- әріптестерміз ақпараттық-комуникациялық құзыреттілігін қалыптастыруға осы Болашақ үшін оқыту Бағдарламасын пайдалану тиімділігін;
- мұғалімнің өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білу, зерттеулер негізінде дамыту, оқу тақырыбының проблемалық және негіз болушы сұрақтарын айқындау, оқытушы мен оқушының компьютерлік сауаттылығын, Интернетті, мультимедианы пайдалану, мәтіндер мен электрондық кестелерді өңдеу дағдыларының қалыптасқанын байқауға болады.
Заманауи оқыту әдістемелері - мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты топтардағы оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін айқындай отырып, когнитивті, эмоциялық өзін-өзі реттеу арқылы бағалауды жорамалдау, анықтау, формативті және жиынтық бағалау аспектілері арқылы меңгергенін аңғаруға болады.
Қорыта айтқанда, мұғалімнің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қызығушылығы, ниеті, ұмтылысы, белгілі жүйелі білімі және біліктілік құзыреттілігі ақпараттық-комуникациялық құзыреттілігімен үйлесімділік таппағанда ғана оң нәтижесін берері анық.
Осы тұрғыда В.А.Сухомлинскийдің «Мұғалім өзінің жұмысын ойлы талдай білу мен өзіне және өзінің іс-әрекетіне баға беру ғана шектелмей, сонымен бірге педагогикалық қарым-қатынасқа түскен өзге жандардың да өз-өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін-өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білуі, алынған нәтижені қойылған мақсатпен салыстыра алуы» деген көзқарасы «XXI ғасырдың ақпараттық білім беру ортасындағы жобалау әрекеті» курсының мазмұнын айқындайтын, өміршеңдігін жоймайтын тұжырым екенін аңғартады.

скачать dle 10.4фильмы бесплатно
Печать

ВХОД

БАННЕР

КАЛЕНДАРЬ

    «    Апрель 2017    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
    3456789
    10111213141516
    17181920212223
    24252627282930